Әділет — қола жүлдегер!

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ақтөбелік Әділет Шалғынбекұлы Қырғызстанда өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында қола жүлдеге ие болды. ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Шолпон-Ата қаласында өтіп жатыр. Белбеу күресінен 62 кг салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан Әділет бірінші белдесуінде Өзбекстан елінің спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Өкінішке қарай, жартылай финалда Түркіменстан өкілінен 2:1есебімен жеңіліс тапты. … Әрі қарай оқу Әділет — қола жүлдегер!